RU
Айгүл Иманбаева анасының 70 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айгүл Иманбаева анасының 70 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Айгүл Иманбаева анасының 70 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Туған-туысқандары мен достарының арасында анасына жүрекжарды лебізін арнаған актрисаның бұл әрекеті көпшіліктің сүйіспеншілігін оятты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мен мына өмірдің осы кезеңіне дейін бір жетістікке жетсем, бақытқа кенелсем - бәрі анамның арқасы. Қабағымен ғана тәрбиелеп, жүрегімен жақсы көрудің сенен асқан үлгісі жоқ шығар. Үндемей үнсіз отырып, ішімдегі айтылмаған бар сырымды сезіп қоятыныңды қандай түйсікпен түсіндіруге болады.

Жүзіңе жылдар салған "суреттің" әр қыртысы тағдырыңның тарихын баяндап тұрса да, жаныңның жарқыраған шуағын төгуден шаршамайтыныңа шүкірлік етем. Жүрегім мен жігерімді жасытпайтын жалауым өзіңсің, Тәте. Жүзге келгенше жанымда жүрші. Менің немеремнің қолына туын ұстатып, атына қондырып, батасын беруіңізді Алла нәсіп етсін деп тілеймін", - деді әнші Instagram парақшасында.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
1
24
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel