RU
Тәрбиеші жылай берген балақайды ұрып, дәретханаға қамап тастаған (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Тәрбиеші жылай берген балақайды ұрып, дәретханаға қамап тастаған (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Новосибирск қаласында жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі екі жасар баланы ұрып, қараңғы дәретханаға қамап тастаған. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: Инцидент Новосибирск

Сурет: Инцидент Новосибирск

Болған оқиғаны жапа шеккен балақайдың анасы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Инцидент Новосибирска" парақшасында жариялаған.

Желі қолданушысының айтуынша, оқиға 28 маусым күні "Эталон" балабақшасында болған. Зардап шеккен баланың анасы сол мекемеде жұмыс істейді, алайда сол күні түскі уақытта шаруасымен шығып кетіп, балаларды әріптесінің қарауына қалдырып кеткен.

Қайтып келген кезде келіншек баласының бетінен көгерген іздер байқап, жылап тұрған кезде тауып алған. Екі жасқа енді толатын балақай болған оқиға жайында ештеңе айтып бере алмапты.

Тәрбиешінің айтуынша, ол баланы дәретханаға анасын жанынан таппай жылай берген соң қамап тастаған. Ал оның бетіндегі көгерген іздер дәретхана қабырғаларына соғыла бергеннен пайда болды.

Балабақша меңгерушісіне арызданған тәрбиеші ана сол күні жұмыстан шығарылды.

Ауруханаға жеткізілген балада мидың шайқалуы анықталған. Жарақаттар расталған соң жапа шеккен балақайдың анасы полицияға жүгінді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel