RU
Қазақ доценті мемлекеттік грантқа таласқан Мейрамбек Беспаевты сынап тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қазақ доценті мемлекеттік грантқа таласқан Мейрамбек Беспаевты сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Біраз уақыт бұрын Мейрамбек Бесбаевтың әлеуметтік ғылымдар магистрі атанып, Еуразия ұлттық университетін тәмамдағаны белгілі болған еді. Осы оқиғадан кейін аталмыш білім ордасының доценті, Мырзантай Жақып әншілікпен байыған "жұлдыздардың" мемлекеттік гранттарға таласып, жастардың несібесін тартып алатынын ашына айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев пен Мырзантай Жақып. Фото-коллаж: NUR.KZ

Мейрамбек Бесбаев пен Мырзантай Жақып. Фото-коллаж: NUR.KZ

Өзін көре алмайды деп жазба қалдырған Бесбаевқа жауап қайтарған Мырзантай Жақып өз әрекетінің астарын Facebook парақшасында түсіндіріп берді.

"Ешкімнің нақты атын атап, түсін түстемесем де, қара халықтың есебінен әбден байып алған "әнші-журналист-жұлдыздар" енді мемлекеттік білім гранттары арқылы тегін "оқып", "әнші-магистр-докторларға" айнала бастағаны туралы осы әлеуметтік желіде жарияланған жазбамды кейбір азаматтар тікелей өздерінің аттарына қабылдап, "қызғанып, көре алмай жатыр", "қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адам" деп, менің атыма біраз ауыр-ауыр сөздер жазып тастап, оны қалың көпшілікке таратып жатыр екен.

Егер әншілер өздерінің шынайы білімдерімен сондай дәрежеге жетіп жатса, өз басым оған тек қана қуанамын!

Алайда, кейбір "тележұлдыздардың" сахнадағы атақтарын пайдаланып, өнер саласына мүлдем қатысы жоқ ұлттық жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларына қарай жаппай лап қойып, мемлекеттік білім гранттары есебінен "оқу бітіріп", диссертациялар "қорғауға" кірісуі жалпы сипат ала бастағанын түсіне алмаймын.

Сондай-ақ ұлттық университеттерді басқаратын кейбір ректорлардың әртүрлі "жұлдыздардың" алдында құрдай жорғалап, жас балаша жүгіруін де ұға алмаймын.

Байлардың ас та төк той-томалақтарынан көп қаржы табатын әншілер мен "тележұлдыздар" егер академиялық және ғылыми атақ-дәрежелер алғысы келіп жатса, жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларының ақылы бөлімдеріне өздерінің жеке ақшаларын төлеп оқығаны, шын дарынды жастарға арналған мемлекеттік білім гранттарына жармаспағандары жөн. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - осы", - деп сөзін аяқтады доцент Мырзантай Жақып.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
1
0
6
5
228
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel