RU
Шымкентте балақайды зорламақ болған ер адам ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте балақайды зорламақ болған ер адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Интернет кеңістігінде таралған ұл баланың артынан еріп, оны зорламақ болған ер адамның видеосы көпшіліктің үрейін тудырған болатын. Бүгінде, оқиғаға қатысы бар шымкенттік азамат ұсталып, тұтқынға алынған деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео скриншоты / Instagram

Видео скриншоты / Instagram

Instagram желісінде жүктелген видеода оқиғаның қалай өрбігені бірден аңғарылады.

Ер адам ұл баламен үй ішіне кіріп, баспалдақтар астына қарай беттеген. Біраз уақыт өткен соң, подъездге әйел адам кіріп келгенде ер азамат шошып кетіп, ғимарат ішінен атып шығады.

Куәгер іші бір нәрсені сезгендей ер адамның артынан жөнеле берді. Бейнебақылау камерасында әйел адамның күдіктінің арытнан шығып кеткен сәтінде балақай шалбарын дұрыстап жатқаны байқалады.

Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-нің мәлімдеуінше, оқиға Шымкент қаласында орын алған. Оқиғаға қатысы болуы мүмкін ер адам тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.

Қазіргі таңда, сараптама тексерістері тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Сіздің реакцияңыз
1
3
8
2
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel