Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балконнан ескі жиһаздарын лақтырған балқаштық азамат тұрғындарды шошытты

Опубликовано:

кадр из видео (балкон)
Сурет: Оркен-media: UGC

Балқашта ағайынды Мусиндер көшесінің бойында тұратын ер азамат балконнан ескі жиһаздарын лақтырған. Терезе астына жиналып қалған қосқысты тұрғындар видеоға түсіріп алды деп хабарлайды Оркен-Media арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мас күйінде болған азамат кішкентай балаларға орындықтар да лақтырыпты.

Видеожазба авторының айтуынша, кешкі бес уақыт шамасында төртінші қабатта тұратын ер азамат балконнан орындықтар лақтыра бастаған. Сол уақытта далада балалар ойнап жүрген. Кейін мас тұрғын 20 келілік гірді лақтырып жіберіпті. Ол далада жүрген екі қызға тиіп кете жаздаған. Шошынған жұрт полицейлерді шақырды.

Оқиға орнына келген полицейлер азаматпен әңгіме жүргізді. Ол өзінің әрекетін мас күйінде болғандығымен түсіндірді.

Ер азамтқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Полиция қызметкерлері қажетті ақпаратты жинап, істі Балқаш қаласының кезекшілік бөлімшесінде тіркеді. Тергеу амалдары аяқталғасын кінәлілер өз жазасын алады", - деді полиция қызметі басшысының қызметін атқарушы Роллан Ильдебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740081-balkonnan-eski-ziazdaryn-laktyrgan-balkastyk-azamat-trgyndardy-sosytty/

pixel