RU
Белгілі дизайнер өзін екі жыл бойы тегін тасыған азаматқа іздеу салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Белгілі дизайнер өзін екі жыл бойы тегін тасыған азаматқа іздеу салды

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал дизайнер Жадыра Сахиева (Жадо) балалық шағында өзіне көмек қолын созған автобус жүргізушісіне іздеу салды. Дизайнер 16 жасында өзіне қайырымдылық жасап, екі жыл бойы тегін тасыған белгісіз азаматқа көлік сыйлағысы келетінін жасырмады деп хабарлайды time.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жадо. Фото: NUR.KZ

Жадо. Фото: NUR.KZ

Жадо 1990 жылдары тұрмыстарының нашар болғанын жасырмады.

"Сол жылдары 16 жастамын. Інім екеуміз күнде №354 автобусқа мінетінбіз. Екеумізге төлейтін жолақы - 60 теңге. Бірақ жағдайымызды айтқызбай ұққан автобус жүргізушісі мен кондуктор әйелі бізден ешқандай тиын алмайтын. Осы оқиға екі жыл бойы жалғасты. Олар екі жыл бойына бізден ешқандай жолақы талап етпеді.

Есесіне сол 60 теңгеге ініміз екеуміз түскі ас, дәптер сатып алатынбыз. Қазір жағдайым жақсы, шүкір. Енді сол қайырымды автобус жүргізушісін тауып алып, ол кісіге шағын автобус сыйлағым келеді. Немесе сол шамадағы қаражат ұсынсам деймін. Ол кісіні іздейін десем, аты-жөнін де білмейді екенмін. Қазақшылыққа салынып "ағай, ағай" дегеніміз болмаса", - деді дизайнер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
4
116
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel