RU
Әкесінің көлігінен "төстартқышты" көріп қойған балақай отбасын ойрандай жаздады
Жаңалықтар Әлемде

Әкесінің көлігінен "төстартқышты" көріп қойған балақай отбасын ойрандай жаздады

Рассказать Вконтакте

AngryManTV лақап аты бар американдық азамат өзінің Twitter-дегі парақшасында қызық оқиғаны баяндаған. Оның қызы әкесінің көлігінде бөтен біреудің іш киімі жатыр деп, ата-анасын ажырастырып жібере жаздаған. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ер адам қызы мен әйелінің қызық әңгімесін естіп қалған. Төрт жасар қызы анасынан төстартқыштың көліктің ішінде не істеп жүргенін сұрапты.

"Әйелім маған қорқынышты көзімен қарады. Оның менің көлігімде болмағанына бірнеше апта болған", - деді ол.

Әкесінің сөзін естіп қалған қызы оның көлігінен белдігі бар шұңғыл нәрсені көргенін айтты.

Гаражға барып келген ерлі-зайыптылар қыздарының көріп қалған шаң-тозаңнан қорғайтын құралды іш киім деп ойлап қалғанына көз жеткізген.

40 мың лүпіл жинаған ер адамның таратқан жазбасын оқырмандар 20 мың рет бөліскен. Желі қолданушылары ер азаматқа "сөз тасымайтын" ұл баланы дүниеге әкелулерін сұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
5
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel