Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әзілкештің анасы қызының жас жігітке тұрмысқа шығуына қарсы болған

Опубликовано:

"Махаббат жасқа қарамайды" тақырыбында танымал болған Арсен мен Мереке биылғы жылдың "хит жұбы" екені бәріне мәлім. Халық та біраз шулап, талқыға салғанын да білеміз. Өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шығуына жайдарманшы Мерекенің анасы да қарсы болыпты. Бұл туралы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: Instagram/merekusha
Сурет: Instagram/merekusha: UGC

Мерекенің айтуынша, анасы оның өзінен кіші жігітпен тұрмыс құру шешімін бірден қолдамаған. Ал, керісінше, енесі бірден көнген көрінеді.

“Бұл кісінің анасы бірден көнген. Ал менің анам қатты қорықты. Шын мәніне келгенде “Сен қуасың ба? Осынша жыл жүріп, өзінен кіші жігітке тұрмысқа шығыпты десе, қалай болады?” деп қорықты. Әкеме бетпе-бет айтуға қорықтым: телефонмен звондаған кезде бірден көнді. “Әке, теңімді таптым, бірақ ол жігіт менен біраз кіші болып тұр”, -деп едім: “Болды, батамды бердім”, – деді. Ар жағынан анам “Жігіт 5-6 жасқа кіші”, – дегенде, әкем: “Маған десең, 10 жас кіші болсын. Махаббат жасқа қарамайды”, – деді”, – дейді Мереке.

Мерекенің айтуынша, анасы да "өрімдей жігіттің басын айналдырып алдың" деп те айтқан. Ол анасының қалай көнгенін де баяндап берді.

“Түннің бір уақытында Арсенге хабарласып, шақырды. Мен ештеңе деген жоқпын, жыладым да отырып қалдым. Туған анаң ойланып қалып жатса, көңіліңе тиеді ғой. Арсенмен бетпе-бет сөйлескен соң, батасын берді”, – деді Мереке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740100-tanymal-zilkesti-anasy-kyzyny-zas-zigitke-trmyska-syguyna-karsy-bolgan/

pixel