RU
"Қазақстан Барысы- 2018": Осы күнді сегіз жыл армандадым
Жаңалықтар Спорт

"Қазақстан Барысы- 2018": Осы күнді сегіз жыл армандадым

Рассказать Вконтакте

Күні кеше "2018- Қазақстан Барысы" атанған Ержан Шынкеев жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vesti.kz

Фото: vesti.kz

Ержанның сөзінше, бұл күнді сегіз жыл армандаған.

"Қазақстан Барысына" әдейілеп тұрып дзюдоның құрамасынан кетіп, бір жыл дайындалдым. Қазақстанның бүкіл спортшысының әрбіріне тоқталып дайындалып, бүгін жеңімпаз болып қуанып тұрмын. Осы күнді сегіз жыл армандап келдім. Жыл сайын бағым жанбай, жолым болмай қалып жүрді. Осы күнге жеткізген Алла тағалама рахмет. Өзім сенер-сенбесімді білмей, үлкен қуанышта тұрмын", - деген балуан жеңіп алған қомақты сыйақыны қалай жарататынын да айтты.

"Әлем Барысына" қатысамыз. Ал қаржыға келер болсақ, оны бір Алла біледі. Өзім көмектесетін жерлерім бар, оны ашып айтпай-ақ қояйын және керек-жарағымызға да жұмсаймын", - деді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel