RU
Баласына жабысқан елестің қолы жас әкенің жүрегін ұшырды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Баласына жабысқан елестің қолы жас әкенің жүрегін ұшырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Америкалық азамат өз отбасымен суретке түсемін деп тосын жағдайға тап болды. Крис Даунинг суреттен баласының санынан ұстаған елестің қолын байқап қалған. Осы оқиғаның алдында төрт күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан әке, елесті о дүниеден өзімен бірге ертіп келгеніне сенімді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru
Source: UGC

43 жастағы Крис Даунинг есірткіні артығымен пайдаланып, өлім аузынан бір-ақ шыққан. Ол шамадан тыс пайдаланған есірткіден көгеріп, жүрегі соқпай қалған. Алайда құдіреттің арқасында тірі қалған азамат ұлына жабысқан елесті көріп, қорыққанын жасыра алмаған.

2012 жылғы оқиғадан отбасына бір зиян келеді деп қорыққан Крис суретті енді жариялауға шешім қабылдаған.

"Мен бұл оқиғаның қалай болып жақанын түсіне алмадым. Суретті дереу 11 жастағы ұлыма көрсеттім. Ол қорыққанынан бөлмесіне кіріп кетті. Ұлым өзін елес аңдып жүр деп, бөлмесінен шықпай қалды", - деп ағынан жарылды Крис Даунинг.

Сіздің реакцияңыз
1
3
5
2
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel