RU
Күнге күйгенді ұнатқан әйел өмірімен қош айтыса жаздады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Күнге күйгенді ұнатқан әйел өмірімен қош айтыса жаздады

Рассказать Вконтакте

Шотландиядағы Глазго қаласынның тұрғыны Рио Лиэнн жаз мезгілін жаны сүйетін әйел болды. Алайда, енді ол күнге күюден мүлде қорқып қалған. Күн астында сағаттап жата беретін келіншек қатерлі ісікке шалдығып. өлім аузынан аман қалған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Күн астында жатуды әдетке айналдырып алған әйел адам өлім аузынан аман қалды. Ол күнге күйемін деп қатерлі ісікке шалдыққан.

"Бір жасар балам бар. Оның тірідей жетім болуын ойлағанымда, жүрегім жарыла жаздайтын", - деп айтты Рио.
Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Жаз кезінде тағы да күн астында жатқан кезінде әйел адам аяғында пайда болған қара дақты көріп қалған. Бұрын-соңды болмаған құбылысты тексертпек болған ол ауруханаға барғанында дәрігерлердің айтқанына сенгісі келмеді. Мамандар бұл қатерлі ісіктің белгісі екенін түсіндіргенде, келіншек не дерін де білмей қалған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Бірден ота жасатылғаннан кейін, жас ананың жағдайы жақсарды. Енді ол күн астында жүруді аса қауіпті санайды. Өзінің қызығушылығын ол ақымақтыққа теңеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel