Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытым сенсің, Қайрат": Дана Кентайдың жаңа әні сынға ұшырады (видео)

Опубликовано:

Отандық әнші Дана Кентайдың "Жаным Қайрат" атты су жаңа әні көпшіліктің сынына ұшырады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жаным Қайрат" атауының өзі оқырмандардың ашуын тудырған.

"Әнге басқа ат таппадыңыз ба?", "Масқара, Қайраттың өзіне-ақ айта берсеңізші бұл сөздерді. Елдің алдына ән қылып шығармай", "Ән емес, хайп қой тұнып тұрған" деп шуласты.

Бұл сынға әншінің де айтары бар екен.

"Менің түсінгенім бойынша бұл ән тек "Қайрат" есімді тыңдармандарға ұнаған секілді. Қайраттар рахмет айтып жатыр. Басқаларының бәрі ұрысып жатыр. Жігіттердің тарапынан қазақ қыздарының есіміне арналған: "Динара", "Фарида", "Камиллам менің", "Әселім, жаным" секілді көптеген әндері бар екен.

Ал қыздар тарапынан мүлдем жоқ. Мүмкін қыз балаға, оның ішінде қазақ қызына ер адамның атын атап, ән айтқан ұят болар. Тек "намек" тастап "Ұмыттың мені қалай", "Сағындым сені", "Махаббатым"-деп, атын атамай әндеткен дұрыс та шығар. Дегенімен ерекше болсын деп, қазақ ер азаматының есіміне арналған ән орындағанның айыбы жоқ деп ойлаймын", - деп жауап берді әнші Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740127-bakytym-sensi-kajrat-dana-kentajdy-zaa-ni-synga-syrady-video/

pixel