RU
"Өсек тасымасын": Қостанай облысында ашуға булыққан әйел бұрынғы күйеуін соғып тастады
Жаңалықтар Қоғам

"Өсек тасымасын": Қостанай облысында ашуға булыққан әйел бұрынғы күйеуін соғып тастады

Рассказать Вконтакте

Ажырасып кеткендеріне бірнеше жыл өтіп кетсе де, ерлі-зайыптылар арасындағы дау-дамайлар таусылмаған. Кезекті жанжал кезінде әйел адам бұрынғңы күйеуін аяусыз соғып тастады. Келіншектің бұл әрекетке баруына жұбайының өсек-әңгімелері түрткі болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Baku.ws

Фото: Baku.ws

Қарым-қатынастарын заңды түрде үзген ерлі-зайыптылар ажырасып кеткеннен кейін де өзара келісе алмаған. Әйел адамның айтуынша, ер адам ол туралы жаман сөздер тасып, шындыққа жанаспайтын өтірік әңгімелер таратқан.

Кезекті жанжал кезінде шыдамы шегіне жеткен келіншек бұрынғы күйеуін итше сабап тастады.

Ер адам өз кезегінде, бұл ұрыстарға әйел адамның өзі кінәлі екенін айтты. Оның пайымдауынша, келіншек балаға алимент аз төлегені үшін бүлдіршінді әкесімен кездестіртпей жүрген көрінеді.

Оқиғаға байланысты келіншек әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 34 мың тенге көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттелген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel