RU
Нағыз фанат: Ерлі-зайыптылар Роналду мен Мессиге бола ажырасып тынды
Жаңалықтар

Нағыз фанат: Ерлі-зайыптылар Роналду мен Мессиге бола ажырасып тынды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Челябі қаласында тұратын ерлі-зайыптылар 14 жыл бойы бірге өмір сүріп келгендеріне қарамастан үйдегі мундиаль кесірінен ажырасуға бел буды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: ©РИА Новости/Виталий Белоусов

Сурет: ©РИА Новости/Виталий Белоусов

Арсен мен Лариса - тәжірибесі бар жанкүйерлер. Олар 2002 жылғы әлем чемпионатын тамашалап отырғанда спортбарда танысқан. Бірақ олардың қалаулары сол кезде сәйкеспепті. Аргентина құрамасы мен "Барселона" тарихындағы ең үздік ойыншы Лионель Месси - 40 жастағы Арсеннің сүйікті спортшысы болса, 37 жастағы Лариса Криштиану Роналдуға жанкүйерлік етеді.

Сурет: "АиФ-Челябинск"

Сурет: "АиФ-Челябинск"

Топтық кезеңнің соңғы матчындағы Аргентинаның нигериялықтарды жеңуі ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болған. Месси мен оның құрамасының жеңісіне шексіз қуанған күйеуіне әйелі қатты ашуланды.

"Мундиаль басталғалы бері ол мені және сүйікті ойыншымды "нашар ойнайды", "исландықтармен болған ойында пенальти соға алмады" деп кемсітті. Ал Нигериямен болған ойында олар үшін жанкүйерлік танытқаным үшін ренжіп қалған", - деді Арсен.

Матчтан кейінгі келесі күні азамат аудандық АХАЖ бөліміне барып, ажырасуға өтініш білдірген.

Олардың махаббат хикаясы" немен аяқталғаны әзірге белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel