RU
Павлодарда көшенің қақ ортасында төбелескен қыздардың видеосы тарап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда көшенің қақ ортасында төбелескен қыздардың видеосы тарап кетті

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласында екі бойжеткеннің арасында дау туып, ол төбелеске ұласып кетті. Ақыры соңында полицейлерге оларды ажыратуға тура келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодағы кадр.

Видеодағы кадр.

Аталмыш видео Instagram-дағы tipavlo парақшасында жарияланды.

Кадрда көрініп тұрғандай, құқық қорғаушылар қыздарды әрең ұстап тұр. Соның өзінде бойжеткендер айқайға басып, қарсылық танытып жатыр.

Оқырмандардың айтуынша, олар жігітті бөлісе алмаған. Енді біреуі футбол үшін жұдырықтасты деген болжам айтты.

Павлодар облыстық ІІД-нің Tengrinews.kz -ке берген мәліметіне сәйкес, қазір осы іс бойынша тексеріс басталды. Оқиғаның қалай және не себепті болғаны анықталуда.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel