RU
Той үстінде жас келінді тоқпақтаған азамат оны ауруханадан бір шығарды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Той үстінде жас келінді тоқпақтаған азамат оны ауруханадан бір шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Той ортасында жас келінді басынан тоқпақтаған азамат жаға ұстатты. Желі қолданушылары ер адамның бұл әрекетін сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Кейбір желі қолданушылары видеодағы тойға қатысқандарын, келінді ұрған азамат оның әкесі екенін де айтып жатты.

"Осы тойға қатысқанмын. Ұрған адам қыздың әкесі. Ол тойға қарсы болған. Осы соққыдан кейін диадеманың инелері келіннің басына кіріп кетіп, ол ауруханадан бір-ақ шықты", - дейді оқырман.

Өзге пікір білдірушілер болса бұл сұмдық жағдайға жол беріп тұрған қонақтар мен күйеу жігітті сынады.

"Масқара, мына адамның ақыл-есі орнында ма?", "Жас келінді өлтірді ғой", "Мына келіннің күйеуі не қарап отыр?", "Ел алдында сонша сабағаны несі?", "Қызды қорлатып қойып қарап тұрғаны несі бәрінің", - деп ашуланды желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel