RU
Семейлік жігіт өзіне ішімдік ішуге кедергі жасаған өгей қызын өлтіріп тастады
Жаңалықтар Қоғам

Семейлік жігіт өзіне ішімдік ішуге кедергі жасаған өгей қызын өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өзінің өгей қызын аяусыз соққыға жығып, өлтіріп тастады. 21 жастағы ер азамат қылмыстық әрекетке ішімдік ішуге кедергі келтірілгендіктен барғанын айтып, көпшіліктің ашуына тиді деп хабарлайды Yk-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: reportermind.com

Фото: reportermind.com

21 жастағы ер адам баласы бар әйелмен азаматтық некеде тұрған. Қайғылы оқиға жаңа жыл қарсаңында орын алды.

Жұмысқа кетіп қалған әйел адам қызын күйеуімен қалдырып кетіп үлкен қателік жасаған. Мереке алдында тойлауды бастап кеткен ер адамға ігімдік ішуге бес жасар қыз кедергі келтірсе керек. Ол өзіне назар аудартып, өгей әкесімен ойнағысы келген.

Алайда, балақайдың бұл қылығын ер адамға ұнамай қалып, ол қыз баланы аусыз соққыға жықты. Сараптама жұмыстарының нәтижесі бойынша, ер азамат өгей қызына 27 жойқын соққы жасаған. Олардың екеуі бес жасар қыдың өмірін қиды.

Бүлдіршін бас-сүйегінің ауыр жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оның денесін үйге келген көршісі аңғарып, дереу полицияға хабар берген.

21 жасар ер адам қыз баланың өміріне кінәлі болып танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel