RU
Қостанайда Toyota тізгіндеген бойжеткен екі кішкентай қызды қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда Toyota тізгіндеген бойжеткен екі кішкентай қызды қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Қостанайда "Toyota Camry" көлігінде отырған қыз жаяу жүргіншілер жүретін жолда екі баланы қағып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда Toyota тізгіндеген бойжеткен екі баланы қағып кетті

Қостанайда Toyota тізгіндеген бойжеткен екі баланы қағып кетті
Source: UGC

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан екі кішкентай қызды Toyota қағып кеткен. Көліктің рөлінде қыз отырыпты.

Қостанай облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 30 маусымда сағат 21:30 кезінде болған.

Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Гоголь көшесінен Алтынсарин көшесіне бұрылған уақытта 11 және 14 жастағы екі баланы қағып кетеді.

Жол апатының салдарынан қыздар жеңіл жарақат алған.

Сараптама қорытындысы рөлде отырған қыздың ішімдік ішпегенін көрсетті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel