Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент тұрғыны 11 жыл көңілдесі болған әйелді пышақтап кеткен (фото)

Опубликовано:

Шымкент тұрғыны көңіл қосып жүрген танысын өз үйінде пышақтап кетті. Араққа сылқия тойған әйел мен ер адамның арасында туындаған жанжал соңы қайғылы жағдаймен аяқталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

сваывпаи

Оқыс жағдай бірінші шілде күні Шымкент қаласына қарасты 17 шағынауданда болған. Ер кісі көңіл қосып жүрген келіншектің үйіне сол күні қыдырып келеді.

Бас қосқан таныстар дастархан басында, алкагольді ішімдік ішіп жанжалдасып қалған. Ақыр соңы араққа сылқия тойған 42 жастағы күдікті қасында отырған азаматшаның бүйрек тұсынана пышақ сұғып алады.
сваывпаи

Сұмдық жағдайды бірінші болып күдіктінің анасы білген. Оқиға орнына келген азаматша жедел жәрдем шақыртады. Дәрігерлер жарақат алған келіншекке шұғыл түрде көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалды.

"Екеуі он бір жылдан бері кездесіп тұрады. Екеуінің де бала-шағасы бар. Сол күні балам маған хабарласқанда, телефонның арғы жағынан айқай-шу естілген. Осында жетіп келем дегенше, баламның танысы ас үйде қансырап жатыр екен", - дейді күдіктінің туысы.
сваывпаи

Танысына пышақ сұққан азамат оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1740202-symkent-trgyny-11-zyl-kildesi-bolgan-jeldi-pysaktap-ketken-foto/

pixel