RU
Алматыда халықаралық есірткіге қарсы күрес күні аталып өтті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда халықаралық есірткіге қарсы күрес күні аталып өтті

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы мәдениет және демалыс орталық саябағында халықаралық есірткіге қарсы күрес күні аталып өтті. Ауқымды іс-шараны қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастрған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

29 маусымда өткен есірткіге қарсы күнге орайластырған іс-шараға балалар, жасөспірімдер мен қала қонақтары қатысты.

Спорттық эстафеталар мен сурет салу байқауына 9-13 жас аралығындағы балалар бақ сынап көрді. Шамамен, 27 балақай есірткіге қарсы насихатты көрсетіп тұратын туындыны салуға барынша тырысты.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

"Мұндай шаралар балалардың спорттық қабілетін паш етіп қана емес, шығармашылық, сондай-ақ алғырлық қасиеттерін де көрсетуге бағыттайды. Оған қоса, ең бастысы салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болу керектігін түсіндіреді" , - деп айтты ұйымдастырушылар.

Іс-шара соңында байқауларда топ жарғандар түрлі сый-сыяпаттар мен марапаттарға ие болды.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Оған қоса, саябақта денсаулық қалашығы жұмыс істеп тұрды. Ол жерде қала тұрғындары тегін түрде қан қысымын тексеріп, денсаулығы жөнінде келелі кеңесті алуға қауқарлы болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel