RU
Қостанайда тұратын ресейлік азамат 11 жасар қызды тұншықтырып өлтірген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда тұратын ресейлік азамат 11 жасар қызды тұншықтырып өлтірген

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысының тумасы, бүгінде Ресей Федерациясының азаматы өзімен бірге тұратын әйелдің 11 жасар қызын өлтіргені үшін айыпталуда деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда тұратын ресейлік азамат 11 жасар қызды тұншықтырып өлтірген

Қостанайда тұратын ресейлік азамат 11 жасар қызды тұншықтырып өлтірген

Айыпталушы азамат 2016 жылы жұбайы мен баласын Ресейде тастап, ата-анасымен тұру үшін өзінің туған жері - Қостанай облысының Қарасу ауданына көшіп келіпті.

Іс деректерінде көрсетілгендей, күдікті 2018 жылдың 20 мамырында бұрынғы танысының үйіне келіп, ішімдік ішкен. Келесі күні үй иесі бірнеше күнге Қостанай қаласына кетіп, 2007 жылы туған баласы мен үйін қадағалауды күдіктіге тапсырады.

21 мамыр күні түнде айыпталушы азамат жеткіншек ұйықтап жатқан бөлмеге кірген. Бұл кезде кереуетте ұйықтап жатқан қыз күдіктінің қолы денесіне тигенде оянып кетеді.

Осы түнде азғын жас қызды тұншықтырып өлтіріп, мәйітін Восток селосынан бір шақырым қашықтықта далаға тастап кеткен.

Тергеушілерді жаңылыстыру мақсатында қыздың аяқ киімінің бір сыңарын ауыл ішіне әкеледі.

Бүгіндересейлік азамат Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2 бөлігі, 3, 14 тармақтары бойынша сот алдында жауап беруде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel