RU
Ақтөбе облысында 206 жылқы бір сәтте ұшты-күйлі жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе облысында 206 жылқы бір сәтте ұшты-күйлі жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында полицейлерге Сарат ауылындағы «Әсем-Наз» өндірістік кооперативінен 206 бас жылқы жоғалғандығы жөнінде арыз түскен. Бұл туралы Aktobenews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе облысында 206 жылқы ұшты-күйлі жоғалып кетті

Ақтөбе облысында 206 жылқы ұшты-күйлі жоғалып кетті

«Іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Кооператив тұрақты негізде жұмыс істейтін бақташылармен толық қамтылған және ол бақташылар алдындағы мал басының амандығына толық жауапкершілікте", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Аудандық ІІБ мәліметтеріне сүйенсек, жергілікті билік құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, аудан тұрғындарына жеке мал бағымын ұйымдастыру және мал бағымында жаңа технологияларды (GPS-навигатор) қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.

"Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қазіргі таңда ауданымыздың мал шаруашылығымен айналысатын «Құмқұдық» ЖШС пен «Шыңғыс» шаруа қожалығы осындай электрондық бақылау құралдардың көмегімен мал басының жылжу бағытын нақтылап, мал басын аман сақтап отыр", — деп сендіреді ауданның ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel