Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі мың музыкантпен бірге домбыраның құлағында ойнаған министрге жұрт сүйсініп қалды (видео)

Опубликовано:

Астанада 1 шілдеде алғаш рет "Ұлттық домбыра күні" аталып өтті. "Қазақ елі" монументі алдында бір мезетте 2000-нан аса адам домбырада ойнады. Олардың арасында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да бар. Жұрт көпшілікпен бірге қазақтың әйгілі күйлерін орындаған министрге ерекше ықылас танытқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі 2000 домбырашы бір мезгілде бірнеше шығарма орындағанын таңғажайып мерекеге балап отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап қана емес, оның жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізе білген сенімді серігі. Ұрпақтан ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, ұлы даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Қасиетті домбыраны қолына алып, осы мерекені атап өту үшін үлкен-кіші қалаларда халық алаңға күймен шықты. Тек қана Астанада 2000 домбырашы бір мезгілде бірнеше шығарма орындаған таңғажайып мерекені елбасының өзі де тамашалады", – дейді Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, екі мыңнан аса адамнан құралған домбырашылар дирижер Айтқали Жайымовтың жетекшілігімен "Көңіл ашар", "Адай", "Балбырауын", "Ерке сылқым" және "Сарыарқа" күйлерін орындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1740231-eki-my-muzykantpen-birge-dombyrany-klagynda-ojnagan-ministrge-zrt-sjsinip-kaldy-video/

pixel