RU
Көкшетауға анасымен қонаққа келген үш жасар бала терезеден құлап өлді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Көкшетауға анасымен қонаққа келген үш жасар бала терезеден құлап өлді

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда үш жасар бала тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көкшетауға анасымен бірге қонаққа келген үш жасар бала терезеден құлап кетті

Көкшетауға анасымен бірге қонаққа келген үш жасар бала терезеден құлап кетті

Қайғылы оқиға жексенбі күні 1 шілдеде Көкшетаудағы көпқабатты үйде болған.

"Бала 2015 жылы туған. Ол анасы бөлмеден шығып кеткен сәтте үшінші қабаттың терезесін ашып, құлап түскен. Бала Ақмола облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, ота жасалды. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады", — деді сұхбат беруші.

Көз жұмған баланың анасы Көкшетаудағы туыстарына Астанадан қонаққа келген екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel