RU
Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарыздарын өтеді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарыздарын өтеді

Рассказать Вконтакте

2018 жылғы бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы 0,8 миллиард АҚШ долларына қысқарып, 166,6 миллиард АҚШ долларын құрады деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарыздарын өтеді

Қазақстан Қытайдан алған сыртқы қарыздарын өтеді

"Қарыздың азаюына Қытайдың мемлекеттік және қаржылық ұйымдарынан тартылған сыртқы қарыздардың өтелуі, сондай-ақ қазақстандық эмитенттердің борыштық бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі және соның салдарынан оларға сұраныстың құлдырауы себеп болды", — деп жазылған хабарламада.

Бейрезиденттердің қолдарындағы Ұлттық банктің 1,4 миллард АҚШ долларына тең қысқа мерзімді ноттары осы кезең ішінде 3 еседен астам ұлғайды.

2018 жылдың 1 сәуірінде 27,1 миллиард АҚШ долларын құраған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (банктер мен мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын ұйымдар) жеке қарастырылады.

2018 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік еншілес ұйымдардан алынатын сыртқы қарыздарды игеруді жалғастыру есебінен Қытай банктері алдындағы кредиттер мерзімінен бұрын өтелді, сондай-ақ квазимемлекеттік эмитенттер еурооблигацияларының нарықтық құны төмендеді, соның арқасында қарыз 0,3 миллиард долларға азайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
2
2
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel