RU
Түрмедегі бүлік: Қарағандыда сотталушы азамат өзіне қол салды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түрмедегі бүлік: Қарағандыда сотталушы азамат өзіне қол салды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыдағы АК-159\1 тергеу изоляторында жатқан соталушы өз-өзіне қол салып, аброй болғанда тірі қалды. Өзінің денесін шегемен тіліп тастаған жазасын өтеуші қазір ауруханада жатыр деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Түрмедегі бүлік: Қарағандыда сотталушы азамат өзіне қол салды

Түрмедегі бүлік: Қарағандыда сотталушы азамат өзіне қол салды

Владимир Подколзин есімді сотталушыны облыстық медицина орталығына осыдан екі күн бұрын түнгі сағат 11-лер шамасында жеткізіпті.

Қарауылдың қадағалауында жатқан азамат тергеу изоляторына бүгін шығарылады. Ал АК 159\1 түрмесінің басшылары сотталушының бұл қадамға темір тордағы режиммен келіспегенінен барғанын айтады.

Қарсылық білдірген азаматтың өзінің кеуде тұсына шеге тығып жатқанының бейнежазбасы да бар екен. Қазір айғақ зат полиция бөлімінде тіркеліпті.

"Бізде видеосы бар. Видео бойынша басқа сотталушы оған өзінің денесіне шеге тығуға көмектесіп жатқаны көрінеді. Ешкім оған қысым көрсеткен жоқ. Біз ештеңе жасырып отырған жоқпыз, ресми түрде оқиғаны тіркедік, жедел жәрдемді шақырттық", - дейді АК 159\1 мекемесі басшысының міндетін атқарушы Есімжан Байтасов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel