RU
Көкшетауда қыздардың тәнін саудалаған атышулы "жеңгетай" қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетауда қыздардың тәнін саудалаған атышулы "жеңгетай" қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда 29 жастағы жеңгетай ұсталды. Ол жас қыздарды қорқытып, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Осылайша тән саудасын заңсыз табыс көзіне айналдырғанға ұқсайды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

көкшетау

Скриншот: КТК
Source: UGC

1989 жылы туған көкшетаулық азамат өз құрбандарын жергілікті дәмханалардан іздеген. Басы бос қыздарды жалдамалы пәтеріне алдап апарып, қамап ұстапты. Осылайша интимдік қызметке мәжбүрлеп, өзгелерге саудалаған көрінеді.

Бірнеше ай бойы 22 мен 30 жас аралығындағы қыздарға ойына келгенін істеген жігіт Көкшетаудың орталық көшелерінің бірінде қолға түскен.

Қазіргі таңда осындай 7 қылмысқа қатысы бары анықталып отыр.

"Қазір ол қамауда отыр. Оның үстінен 5 бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адам ұрлау, адам құқығын шектеу, бопсалау, жезөкшелікке мәжбүрлеу және жеңгетайлық жасап, жезөкшелікпен айналысатын орындар ұйымдастыру бойынша. Басқа да фактілер анықталуы мүмкін", - дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel