RU
Алматы облысында аурухана маңындағы кәріз құдығына түскен үш адам көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында аурухана маңындағы кәріз құдығына түскен үш адам көз жұмды

Рассказать Вконтакте

2 маусым күні Алматы облысына қарасты Шелек ауылындағы аудандық аурухана маңында үш адам қаза тапты. Тазарту жұмыстарын жасауға келген екі маман мен емхана дәрігері кәріз құдығына түсіп, метан газына тұншығып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: motor.kz, sm-news.ru

Фото: motor.kz, sm-news.ru

Бұл туралы ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді. Мекеменің хабарлауынша, мамандар аудандық аурухана маңындағы кәріз құдығында тазарту жұмыстарын жасауға келген.

Алайда, оған түсе бергенде талып қалған ер адамның артынан түскен екінші маман да есінен танған.

Құдық ішіндегілерді құтқаруға келген аурухана қызметкерлері де шарасыз болды. Дәрігерлер де көмекке мұқтаж болып қалған.

"Мамандар мен дәрігерлер шамамен, метан газына уланып қалған: Құдыққа бірінші болып түскен маман оқиға орнында көз жұмса, қалған екі адам ауруханада қайтыс болды. Аман қалған дәрігер әзірге ауруханада жатыр", - деп мәлімидеді комитеттің баспасөз қызметі.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
6
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel