Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парик киген Ғаділбек Жаңай астаналық жанкүйерлерін естен тандырды (видео)

Опубликовано:

"Алдау операциясын" ұйымдастырып, ел алдына көзілдірік пен парик киіп шыққан Ғаділбек Жаңайды өз тыңдармандары танымай қалды. Астанадағы сауда орталықтарының бірінде ән салған әнші көпшіліктің есінен кетпейтін тосынсый жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында елімізге танымал продюсер Жан Мұқанов өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырды.

"Достар, бұл танымал әнші Ғаділбек Жаңаймен болған пранк еді. Біз бар болғаны парик киіп, көзілдірік тағып, пакет ұстап, "Небо над землёй" әнін ортаға орындап шыққан еді. Сол жерде болған көрермендердің әсерін көрсеңіздер. Кейін Ғаділбек паригін шешкеннен кейін өз репертуарындағы "Жылама жаным", "Ханшайымым-ау" әндерін орындады. Сол кездегі таңқалысты көрсеңіздер", - деп Мұқанов өз әсерімен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740269-parik-kigen-gadilbek-zaaj-astanalyk-zankjerlerin-esten-tandyrdy-video/

pixel