RU
Кеудесі ашық көйлек киген отандық актрисаның басы дауға қалды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кеудесі ашық көйлек киген отандық актрисаның басы дауға қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Евразия" халықаралық кинофестиваліне кеудесі ашық көйлек киіп келген Құралай Анарбекова көпшілікке ұнамай қалды. Оның бұл стиліне теріс пікір білдірген желі қолданушылары актрисаны аяусыз сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қызыл кілем үстімен жүріп өткен жұлдыздардың әр ісін бақылауға алған көпшілік Анарбекованың киімін де шетелге еліктеушілік деп топшылаған.

"Өте әдемісіз. Бірақ мына көйлек сізге мүлдем жараспайды", "Ашық киім кисеңіз де, жарасымды қылып кисеңізші. Үстіңізге іліп алғаныңыз сізді қысқа бойлы бойжеткенге айналдырып жіберіпті", "Дизайнеріңіздің талғамы нашар екен", "Шетелге еліктеп болдыңдар ғой".

"Өте жақсы қызсың. Бірақ жеңіл жүрісті қыздарға ұқсамай, әдемі киінсеңші. Сені ел-жұрт сыйлайды ғой", "Сізді "Қорлан" рөлінде жақсы көремін. Ал мына тұрысыңыз мүлде ұнамайды", "Омырауыңның ана шеті мен мына шетін көрсеткенің ұят. Қазақ қызына жараспайды", - деп сөгіп тастады желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
24
4
3
0
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel