RU
Мақпал Жүнісова жас әншімен дуэт орындаған Түсіпбаеваны сынап тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мақпал Жүнісова жас әншімен дуэт орындаған Түсіпбаеваны сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісова әріптесі Меруерт Түсіпбаеваны сынап тастады. Әншіге әріптесінің Ернар Айдармен орындаған әні ұнамай қалған деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова, Меруерт Түсіпбаева. Фото-коллаж: NUR.KZ

Мақпал Жүнісова, Меруерт Түсіпбаева. Фото-коллаж: NUR.KZ

Жүнісова Түсіпбаеваның хитке айналған "Қимай сені барамын" әнін қатемен орындағанын байқап қалған.

"Киелі сахнаға өзін таныстыруға шыққан әнші міндетті түрде қателеспеуі керек. Ертеңгі күні халық неге қол соқпады демей, әр әннің сөзін дұрыс жеткізу әншілердің бәріне парыз. Адам болған соң бәріміз де қателесеміз ғой. Неге бұлай болып кетті деп таңғалдым", - деді Мақпал Жүнісова.

Ал өнердегі әріптесінен сөз естіген Меруерт Түсіпбаеваның да өз айтары бар екен.

"Бұл асығыс жазылған ән. Кәсіби әншілердің құлағы естіп қояды ғой. Оның бәрі түзетіледі", - деп ақталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel