Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев қиналған кезінде не істейтінін айтып берді (видео)

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағының ең жарқын сәттерін еске алды. Өзінің басынан өткенін айтып отырған президенттің видеосын Ақорданың Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: 7news.kz
Фото: 7news.kz: UGC

Ақорданың ресми парақшасына жүктелген видеода президент туып-өскен мекенінің табиғаты мен балалық шағындағы қызықтарын сүйсіне айтты.

"Туған ауыл, жаныма жақын таулар, сылдырлап аққан өзендер, қаптаған қызғалдақтар. Біз көкнәр көп өсетін жерде футбол ойнайтынбыз. Жидек теру үшін тауға жиі барып тұратынбыз. Мұндай сәттер ешқашан ұмытылмайды, әркез еске түсіп тұрады" , - деп айтты президент.

"Қиналған кезде жатып біраз толғанасың. Содан кейін сол бұрынғы жолдармен жүргенді еске түсіремін. Мен анаммен бір ат үстінде келе жатқан сәтім есімде. Мен жылқыдан құлап қалмас үшін, мені байлап қоятын болған", - деді елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1740282-nazarbaev-kinalgan-kezinde-ne-istejtinin-ajtyp-berdi-video/

pixel