Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блендерді өздігінен тазаламақ болған әйел саусағын кесіп алды

Опубликовано:

Төтенше жағдай Ресейдің Балашиха қаласында болған. Жас әйел кешкі ас дайындап жатып, тұрмыстық блендері бітеліп қалған соң оны сұқ саусағымен тазаламақ болады. Абайсызда ол "қосу" тетігін басып жіберіпті. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: life.ru
Сурет: life.ru: UGC
"Ұстара секілді өткір пышақ жұмсақ теріні тілімдеп, блендердің ішкі қабырғасына қаттырақ қысып, саусақтың ішінде тұрып қалған. Өздігінен саусақты алып шығу мүмкін болмады", - деді құтқару бөлімшесі баспасөз қызметінің өкілдері.

Құтқарушылар саусақты кемпірауыз арқылы алып шықпақ болды, бірақ пышақ сәл қозғалған сайын зардап шеккен әйелге ауыр тиген.

Кейін әйелді аудандық ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер қауіпсіз түрде құтқарып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1740305-blenderdi-zdiginen-tazalamak-bolgan-jel-sausagyn-kesip-aldy/

pixel