RU
Қазақ қызының сұлулығына түрік халқы таңғалып, қол соқты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қазақ қызының сұлулығына түрік халқы таңғалып, қол соқты

Рассказать Вконтакте

Қостанайлық ару Зарина Тоқтубаева Қазақстанның намысын халықаралық Miss Kemer International-2018 додасында қорғап жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қазақстан аруы" конкурсының ресми парақшасы хабарлағандай, аталмыш дода Түркияда жыл сайын жағажай маусымының басталған кезінде өтеді.

19 жастағы Зарина Тоқтубаева былтыр "Қостанай аруы-2017" байқауында 17 бойжеткеннің ішінде үздік деп танылған болатын. Ол Челябі мемлекеттік университетінің экономика кафедрасының бірінші курсын тәмамдады.

Miss Kemer International конкурсына қатысып, Зарина өзін халықаралық деңгейде танытып келеді.

Аталмыш сән додасы бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы елдер арасында үлкен танымалдылыққа ие.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
4
3
0
3
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel