RU
Қонақ үй қызметкерлері шырын төгіп алған балаларды аямай сабап тастады
Жаңалықтар Әлемде

Қонақ үй қызметкерлері шырын төгіп алған балаларды аямай сабап тастады

Рассказать Вконтакте

Ирина есімді Мәскеу тұрғыны түрік Анталиясында орналасқан Lake & River Side Spa бесжұлдызды қонақ үйінің қызметкерлері балаларын ұрғаны жайлы айтып берді. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: Booking.com

Сурет: Booking.com

Әйелдің айтуынша, оған ресепшндегі кезекші балалардың төсекжаймаға шырын төгіп алғанын айтып, 50 доллар төлеуін талап еткен.

"Мен төлемейтіндігімді айттым. Бірақ ол бізді қонақ үйден шығарып жіберемін деп қорқытты. Шаршап, не істерін білмей тұрған кезекші ғой деп мен еш мән бермедім", - деді Ирина.

Осы оқиғадан кейін ресейлік азаматшаның номерін үш күн бойы жинамаған. Бірақ Ирина мұсылмандар мерекесі өтіп жатқандықтан бұған еш мән бермей, шағымданбапты.

Ең келеңсіз сәт туристер автобуста отырып, өздерінің әуежайға кетер кездерін күтіп отырған түні басталған. 16 жастағы Иринаның ұлы қонақ үй қызметкерінің багаж бөлімінен сөмкелерін шығарып жатқанын көріп қалған.

Сурет: Booking.com

Сурет: Booking.com

"Ұлым бірден сөмкелерді тартып алуға кетті, артынан 10 жасар қызым да...Анау кісі ұлымның мойнынан қылқындыра бастады. Қызым ағасын құтқармақ болғанда ол қызымды да бірнеше рет ұрып жіберген. Өкінішке қарай, мен кеш шығып, балаларымды қорғай алмадым", - дейді Ирина.

Чемодандарын қайтарып алу үшін туристерге полицейлерді шақыруға тура келген. Автобус әуежайға оларсыз кетсе де, мәскеулік келіншек сол рейспен еліне ұшуға мүмкіндік алды.

Ашуланған ресейлік азамат Ростуризмге хабарласып, қонақ үй әкімшілігіне шағымданбақшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
3
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel