RU
Ақтөбеде пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды (фото)
Жаңалықтар Финансы

Ақтөбеде пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты басталды (фото)

Рассказать Вконтакте

1-7 шілде аралығында Ақтөбе қаласында пауэрлифтингтен жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер арасында ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Онда республиканың аймақтарынан келген 250-ден астам спортшылар бақ сынайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Чемпионаттың ресми ашылуына Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысып, барлық қатысушыларға құттықтау сөзін жеткізді және жарысты салтанатты түрде ашық деп жариялады.

"Аталмыш чемпионат Ақтөбе қаласында бесінші рет өтіп отыр. Бұл да жергілікті спортшыларымыз үшін үлкен тәжірибе жинауға көп көмегін береді. Осы спорт түрінен қазіргі уақытқа дейін облысымыздан 4 Әлем чемпионы және 15 Азия чемпионы шығып отыр. Себебі, болашағынан үміт күттірер көптеген жас спортшыларымыз өсіп келеді", - дейді пауэрлифтингтен облыстың аға жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Сергей Ведюшкин

Айта кетейік, жарыс ағымдағы жылдың 7 шілдесіне дейін жалғасады. Жанкүйерлер бұл іс-шараны сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін "Жастар" ОБЖСМ –де тамашалай алады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel