Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соғыстан қалғандай: Түркістан облысындағы ескі пошта ғимараты қирағалы тұр (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысының орталығында пошта қызметкерлері қираған ғимаратта халыққа қызмет етіп жүр. Кеңес үкіметі кезінде салынған мекеме адам шошырлық күйге түскен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ
Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ: UGC

Бір қарағанда соғыс кезінде жарылыс болғандай әсер қалдыратын мекеме жартылай құлап, қабырғалары қирап жатыр. Тіпті кейбір кабинеттерде есік-терезе де жоқ.

Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ
Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ: UGC

Ең сорақысы, халық кезек күтетін орында поштаға келушілер үшін тозығы жеткен орындықтар қойылған.

Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ
Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ: UGC
Бұл мекеме Түркістан қаласындағы "Қазпочта" бөлімшесіне қарасты. Қираған кабинеттерде жұмыс істейтін мамандар халыққа қызмет көрсетеді.

Пошта бөлімшесінің басшысы Сәкен Таженовтың сөзінше, ғимаратты жөндеу жұмыстары тікелей қаржыға байланысты.

Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ
Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ: UGC

Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыны есептеу үшін Астана қаласынан арнайы мамандар шақыртылған.

Қаржының көлемі белгілі болған соң, құрылысқа қажетті жоспар түзелмек. Дегенмен Таженов тозығы жеткен ғимараттың проблемасы қашан шешілетінін нақты айта алмады.
Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ
Түркістан облысының орталығындағы пошта ғимараты. Фото: NUR.KZ: UGC

Еске салайық, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысына өзгертіліп, оның орталығы ретінде Түркістан қаласы бекітілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740337-sogystan-kalgandaj-trkistan-oblysyndagy-eski-posta-gimaraty-kiragaly-tr-foto/

pixel