RU
Бет әрлеуші қазақ жігіті неліктен қыздарға тән жұмыс таңдағанын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Бет әрлеуші қазақ жігіті неліктен қыздарға тән жұмыс таңдағанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Самат есімді бет әрлеуші болып қызмет атқаратын қазақ жігіті эфир барысында неге мұндай мамандықты меңгеріп, қыз балаларға қызмет көрсеткен ұнататыны жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: Өз ойым

Сурет: Өз ойым

Самат Сарматов есімді визажист жігіт "Өз ойым" бағдарламасының "Нәзік еркектер" санының студия қонағы болған. Ол эфир барысында ер балалар айналыспайтын іспен не үшін шұғылданатыны жайлы айтып берді.

"Үш әпкем бар. Ең кіші әпкеме көмектесетінмін бояндырып. Сол туған күн, кештерге бояндырып жіберемін. Өзім Алматыдағы мода-дизайнда оқыдым. Әкем жоқ, шешем бар. Ол біледі", - деді Самат.

Саматтың айтуынша, бұл мамандықты таңдағанына екі жыл болыпты. Өз қасын әдемілік үшін екі-үш күнде жұлып тұрады екен.

"Маникюр-педикюр жасататын, кірпік өсіріп беруге келетін де жігіттер бар. Әрине, көп жағдайда қыздар келеді. Бірақ жігіттер де бар. Шамамен күніне төрт-бес жігіт келеді. Жастары 25-30-дан жоғары болады", - деді бет әрлеуші жігіт.

Студияға хабарласқан Саматтың әпкесі Анардың айтуынша, ол өзінің бауырының бойынан ешқандай өрескел қылық яки ауытқушылық байқамаған. Оның осы істеп жүрген жұмысын ол еш айыптамайды екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
1
1
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel