RU
БАҚ: Астана әкімінің бірінші орынбасары пара алды деп күдіктелуде
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Астана әкімінің бірінші орынбасары пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Сергей Хорошунды пара алған деген айыптаумен өзінің ескі досы Валим Машуров кінәлап отыр. Құрылыс компаниясының басшысы болған айыптаушы бүгінде 11 жылға темір торға тоғытылған деп хабарлайды Времяға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Время

Фото: Время

Кәсіпкер Валим Машуров өзінің уақытынан бұрын босап шығуы үшін барын салуда. Ол түрлі мекемелерге тиісті құжаттарды жіберіп әлек.

Сотталып кеткен басшысының түрмеден шығуына оның ұлы үлкен белсенділік танытып, атсалысып жүр. Ол әкесіне қатысты іске көмегін тигізер мәліметтерді ескеруін сұрап жүр. Анықталғандай, Машуровтың ісі елордалық департаменттің қарауына өткен.

Әкесінің босап шығуы үшін шыр көбелек айналып жүрген ер бала кәсіпкер мен әкім орынабасары арасындағы қарым-қатынас жөнінде де айтып берді.

Фото: Время

Фото: Время

"2000 жылдары әкем мен Хорошунның іскери қарым-қатынасы тамаша болған. Алайда, уақыт өте келе олардың аралары бұзыла бастады. Әкім орынбасары "Зона косфорта" үйін өткізуде әкеме тікелей кедергі келтірді. Оған қоса, ол бірнеше мәрте әкемнің жолын бөгеген болатын" , - деп айтты Фарух Машуров.

Оның айтуынша, Хорошун түрлі заңсыз іс-әрекеттерді ашық түрде жасап жүрген. Енді ер бала әкесін түрмеден шығарып алу үшін ештенеден тайынбайтынын айтты. Фарух әділдік орнағанын қалайды.

Астана әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдемені кешірек жасайтын болады.

Ақпаратты басып көшіруге Время басылымының жеке рұқсаты бойынша ғана іске асырылады

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel