RU
Шетелдік кино жұлдыздары Астанада: «Позитив» кинофестивалі бастау алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шетелдік кино жұлдыздары Астанада: «Позитив» кинофестивалі бастау алды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Позитив» қысқаметрлі кинофестивалі қолға алынды. Бұл дода әлем астаналарымен иық тірестірген елордамыздың жиырма жылдығына тарту жасамақшы.

Фестиваль аясында онға жуық қысқаметрлі фильмдер Астана қаласының айшықты, жарқын тұстарын танытып, қаланы насихаттауға арналады.

Түсірілім тобында кино майталмандары, отандық актерлармен қоса шетел жұлдыздары Ольга Кузьмина, Юрий Кузнецов, Мурад Раджабовтар бой көрсетпек.

Барлық дайындықты пысықтаған түсірілім тобы режиссер Бексұлтан Әнуаровтың "Рыбка по имени Лаки" және Жандос Құсайыновтың "Сүндет той" картиналарын таспалаудан бастады.

Махаббат, достық, тұрмыс тақырыптарымен қоса позитивті оқиғаларға толы сан алуан сюжетті фильмдер көп күттірместен талғампаз көрермен назарына күзде, фестиваль аясында жол тартады.

Жоба жетекшілері – Сәбит Әбдіхалықов және Нұргелді Садығұлов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel