RU
Түмеден тікұшақпен қашып кеткен қылмыскерді 2900 полицей іздеп жатыр
Жаңалықтар Әлемде

Түмеден тікұшақпен қашып кеткен қылмыскерді 2900 полицей іздеп жатыр

Рассказать Вконтакте

Францияда 2900 полицей мен қаруланған азаматтар жексенбі күні түрмеден тікұшақпен қашып кеткен Редуан Фаид есімді қылмыскерді құрықтау үшін жиналды. Бұл туралы segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: AFP

Сурет: AFP

46 жастағы Фаиди Парижден 50 шақырым жерде орналасқан түрмеде өзінің жазасын өтеп жатқан. Бірінші шілде күні Калашников автоматымен қаруланған ер адамдар оған қашуға көмектесіпті.

Француз түрмесінің әкімшілік мәліметіне сүйенсек, қашу операциясы бірнеше минутқа қана созылып, түрмедегі басқа адамдар жарақат алмаған.

Фаидидің сыбайластары тікұшақ пилотын ұстап алған.

Қазіргі таңда қылмыскердің қайда екені белгісіз. Іздеу амалдары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel