RU
Тәжік қызын әйелдікке алған шетелдк азаматтар 50 мың доллар төлеуі мүмкін
Жаңалықтар Әлемде

Тәжік қызын әйелдікке алған шетелдк азаматтар 50 мың доллар төлеуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Тәжіктің танымал ақын қызы Адиба Азиз Тәжікстаннан қыз алған шетелдіктерге 50 мың доллар қалыңмал төлетуді ұсынды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: rus.ozodi.org

Көрнекі фото: rus.ozodi.org

Азиз елдің заңына осындай өзгертулер енгізіп, шетелдік күйеу бала төлеген ақшаның жарымын қалыңдықтың есебіне аударуын, ал екінші бөлігін беске бөліп, бұл ақшаларды қыздың ата-анасына, мемлекетке, жетімдерге, мүгедектерге және қарттарға беруді ұсынған.

Айта кетейік, ақын қыздың бұл ұсынысы әлеуметтік желілерде қызу пікір-талас туғызып, ұсынысын нәзік жандылардың көбі қолдаған.

Олар сол арқылы тәжік қыздарының құны мен беделін өсіруге болады деп есептейді.

Дегенмен тұрғындардың бір бөлігі "қыздарды тауар секілді сатуға" қарсы шықты.

Еске сала кетейік, 2011 жылы Тәжікстан парламенті Отбасы кодексіне өзгеріс енгізді. Ол бойынша, республика азаматына үйленгісі келген шетел азаматы неке шартын жасап, тәжік азаматын баспанамен қамтамасыз етуі тиіс.

Соның нәтижесінде Тәжікстанда шетелге үйлену көрсеткіші он есеге азайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
2
0
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel