RU
Танымал боксшы Атырау облысындағы ауданға әкім болып тағайындалды
Жаңалықтар Қоғам

Танымал боксшы Атырау облысындағы ауданға әкім болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Белгілі боксшы, Атырау облысы денешынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы Азамат Бекет Жылыой ауданының әкімі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Мой городқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Мой город

Фото: Мой город

Бүгін облыс басшысы Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданының мәслихат депутаттарына ауданның жаңа әкімі қызметіне Азамат Бекетті ұсынған.

Халық қалаулылары аймақ басшысының аталған шешімін бірауыздан қолдап, боксшы Жылыой ауданының әкімі қызметіне тағайындалған.

Айта кетерлігі, Азамат Бекет қазақ мемлекеттік заң университетін заң мамандығы бойынша, Құқық және экономикасын академиясын қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған екен.

Бұған дейін ол Атырау облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel