RU
Павлодар облысында телефонмен сөйлесіп келе жатқан автобус жүргізушісі жүк пойызына соғылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар облысында телефонмен сөйлесіп келе жатқан автобус жүргізушісі жүк пойызына соғылды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында жүк пойызы мен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: kapital.kz

Көрнекі фото: kapital.kz

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2 шілдеде сағат 20:20-да Павлодар облысының Екібастұз қаласынан 36 шақырымдық жердегі Үшқұлын стансасы өткелінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша автобус ішінде жергілікті кәсіпорындардың бірінің 11 қызметкері болған.

Үш адам жеңіл дене жарақатын алды. Оларға медициналық көмек көрсетілген.

Қазір оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Апатты Бас көлік прокуратурасы өз бақылауына алған.

Ал Today.kz-тің "ҚТЖ – Жүк тасымалдау" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, автобус жүргізушісі телефонмен сөйлесіп келе жатып алаңдап кеткен.

"Автобус жүргізушісі ұялы телефонмен сөйлескенін мойындады, ол алаңдап бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен", – делінген хабарламада.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel