Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей өзіне хит ән жазып берген сазгерді тойына шақырмай қойды

Опубликовано:

Екінші рет шаңырақ көтеріп, жас қызға үйленген Абай Бегейге қатысты шу әлі де басылар емес. Абай Бегейге танымалдылық алып келген "Аспанға қараймын" хит әнінің авторы Дәуір Абай өзін тойға шақырмаған әріптесіне ренжіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Дәуір Абай мен Абай Бегей. Фото: NUR.KZ
Дәуір Абай мен Абай Бегей. Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл өкпесі жайында Дәуір АБайдың өзі NUR.KZ порталына айтып берді.

Ол өзін ұмытпауға уәде беріп, есінен шығарған Абай Бегейге өлең жолдарын арнады.

"Бір Аллаға сыйынып, ұлықтадым

Өткен күнді кешегі ұмытпадым.

Алла маған өнер берді əн шығар деп,

Атақ пенен дүниеге құнықпадым.

Хит əнімді сұрап едің ұмытпайм деп

Саған ғана беріп едім, сырып бəрін

Бүгін міне үйлену той жасапсың

Жанға батты шақыруды ұмытқаның.

Жақсы сөз жанға жылу бермейді ме?

Əлі де бір көңілімді жылытпадың

Сенің өзі ойыңда не бар екен?

Ойланып, толғаныпта дым ұқпадым

Бақыт тілеп, сыртыңнан қала бердім

"Жұлдыз" аға енді мүлде ұмыт бəрін

Көңілімнің есігін қақпай-ақ қой,

Себебі ашылмастай құлыптадым

Сыйласпасаң сыйласпа өтінбеймін

Сыйлайтын ағам бар ғой, Ұлықпаным.

Бақытты болыңдар", - деп арнауын аяқтады Дәуір Абай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1740401-abaj-begej-zine-hit-n-zazyp-bergen-sazgerdi-tojyna-sakyrmaj-kojdy/

pixel