RU
Дүйім жұртты өз білімімен тәнті еткен сегіз жасар балақай мектеп бітірді
Жаңалықтар Әлемде

Дүйім жұртты өз білімімен тәнті еткен сегіз жасар балақай мектеп бітірді

Рассказать Вконтакте

Бельгиялық жас вундеркиндтің даму деңгейі Нобель сыйлығын алған лауреаттардан кем емес. Оның математикадан да, инженериядан да, медицина мен кардиологиялық зерттеулерден де хабары бар. Бұл туралы segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Лоран Симон. Сурет: segodnya.ua

Лоран Симон. Сурет: segodnya.ua

Сегіз жасар балақай бүгінде дарынды балаларға арналған орта мектептің түлегі атанды. 17 жастағы сыныптастары секілді диплом алып жатыр.

Лоран Симон есімді вундеркинд - жергілікті танымал тұлға. Бельгия гимназиясындағы алты жылға арналған бағдарламаны балақай бір жарым жылда бітірген. Оның IQ -ның көрсеткіші - 145 балл. Мұндай тек Нобель сыйлығының лауреаттарында ғана бар. Балақайдың ата-анасы оның әлі бәрін таңғалдыратынына сенімді.

Лоран бос уақытында ғылыммен айналысып, есептер шығарады. Бірақ мамандық таңдаудан әлі ойланып жүр. Кейде кардиологияға қызығып, кейде бағдарламалауға бет бұрғысы келеді.

Бельгиялық тума талантты өз оқу орындарына қабылдау үшін әлем университеттерінің арасында бәсеке жүріп жатыр. Бәрі балақайды өзіне қабылдауға таласуда. Лоранның әкесі оның Нидерланды немесе Бельгияда оқуын жалғастыратынына сенімді.

Лоран Симон. Сурет: segodnya.ua

Лоран Симон. Сурет: segodnya.ua

Ал балақайға болса, мамандықты таңдауына әлі бірнеше апта бар. Әкесінің айтуынша, ол тіпті көпсалалы қызметкер де болып кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel