RU
Мұнайлы Астанадағы ауданның сыйқы тұрғындардың ашуына тиді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Мұнайлы Астанадағы ауданның сыйқы тұрғындардың ашуына тиді (фото)

Рассказать Вконтакте

Атырау облысы Мақат ауданының орталығындағы тозған тұрғын үйлер мен қоқысқа толы көшелерді көргенде бұл жерде ғасырдан аса уақыт мұнай өндірілген деп айтуға ауыз бармайды деп хабарлайды Ақжайық басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Тұрғындардың бірі Амангелді Баспаковтың сөзінше, жиырма жыл өтсе де кенттің қалпы әлі күнге дейін өзгермеген.

"Мен осы кенттің тумасымын. Жиырма шақты жыл жырақта жүріп келгенімде кенттің бәз баяғы күйде қалуы қынжылтып тұр. Қоқыстар, жертөледегі сасық иістер...сол қалпы. Кенттегі жәшіктердегі қоқыстың уақтылы алынбауынан айналаға шашырап төгіліп жатуы үйреншікті жайтқа айналған. Бұл жөнінде жергілікті әкімшілікке бірнеше рет айттым. Әкімдік басындағылар өзгерді ғой, енді бір өзгеріс болар деп үміттенеміз", - Амангелді Баспаков.
Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Ал аудандағы тазалыққа жауапты мекеме бұған жұмысшының аздығы мен техниканың жоқтығына сілтеп отыр.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

"2011 жылдан бері аудандағы тазалықпен айналысып келеміз. Техника жетіспейтіндіктен күнбе күн 200-ден астам қоқыс жәшігіндегі қатты қалдықтарды шығару мүмкін болмай жатыр. Қолдағы үш техника әбден тозығы жеткен. Оның үстіне жергілікті тұрғындардың жартысынан аз бөлігі ғана келісімшартқа отырған, кісі басына 120 теңгеден белгіленген. Соны да уақытында төлемейді", - дейді ЖШС директоры Нұрбол Исмагулов.
Фото:azh.kz

Фото:azh.kz

Өңірдегі үйлердің алды өткен ғасырдың елуінші жылдары салынған. Әбден ескірген, жөндеу көрмеген үйлердің баклондары құлап жатыр екен.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Бұған қатысты пікір білдірген Мақат кенті әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкиннің сөзінше, жаңа техника алу және қоқыс жәшігін көбейту жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныс берген.

Ал балкондарды демеушілікпен жөндеп беруге күш саламыз деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel