RU
Таиландта үңгірге қамалып қалған оқушылардың өміріне қауіп төнді
Жаңалықтар Әлемде

Таиландта үңгірге қамалып қалған оқушылардың өміріне қауіп төнді

Рассказать Вконтакте

Таиланд үңгіріндегі тұзақта қалып қойған мектеп футбол командасының қатысушылары мен бапкеріне су деңгейі түскенше кемінде төрт ай күту керек болады деп хабарлайды Prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: ТАСС

Сурет: ТАСС

Құтқарушылар құрамында отыз адам бар топты бар керек-жарағымен қамтамасыз етіп жатыр. Жеткіншектерге ата-аналырмен сөйлесу үшін байланыс жүйесін орнату шаралары да қолға алыныпты.

Топта 11 мен 16 жас аралығындағы 12 ұл мен бапкер бар. Олар 23 маусым күні жаттығудан кейін тау бақшасына барып, үңгірді араламақ болған. Алайда, тоқтамай жауған жауынның салдарынан үңгірдің іші суға толып, жас футболшылар мен бапкер тұзақта қалып қойыпты.

Екінші шілде күні келіп түскен ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар барлығын дін аман анықтаған, алайда балалардың қозғалуға да шамалары жоқ болып шықты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel