RU
Семейде тамағының ақшасын төлемеген қонақты аспаздар тырнап алды
Жаңалықтар Қоғам

Семейде тамағының ақшасын төлемеген қонақты аспаздар тырнап алды

Рассказать Вконтакте

Семейде дәмхана қызметкерлері келушіні ұрып-соққан. Бұған себеп тұрғынның ішкен тамағының ақшасын төлемеуі деп хабарлайды Altaynews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: bonjourglamour.ru

Көрнекі фото: bonjourglamour.ru
Source: UGC

Басылымның мәліметінше, оқиға 28 маусым күні Семейдің жазғы дәмханаларының бірінде болған. Зардап шеккен келушінің айтуынша, дәмхананың әкімшісі мен аспазы оны соққыға жығып, қолы мен мойын тұсын тырнап, жарақаттаған. Сондай-ақ, ұялы телефонын тартып алыпты.

Ал қызметкерлердің мұндай әрекетке баруына келушінің ішкен тамағына ақша төлемеуі себеп екен. Ол дәмханадан 40 мың теңгеге түстенген.

Оқиғаға қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
3
4
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel