RU
Астанада екі әйел қайтыс болған орталықта тағы бір келіншек көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада екі әйел қайтыс болған орталықта тағы бір келіншек көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Астананың бірінші перинатальдық орталығында тағы бір жас босанған әйел көз жұмды. Ақпаратты елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Нәдіров растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: fakty.ictv.ua

Көрнекі фото: fakty.ictv.ua

"Бірінші перинатальдық орталықта соңғы күндері үш адам көз жұмды. Үшінші трагедия екінші маусым күні сағат 18.25-те болды", — деп хабарлады ол.

№1 перинатальдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Әубәкіровтың айтуынша, 26 жастағы әйел жүктілік кезеңінде қан кетуі салдарынан қайтыс болған.

"Әйел бізге түскенде қан кетіп жатты. Кесарь тілігі арқылы босандырды. Бала аман, өміріне ешқандай қауіп жоқ. Жүкті әйелдің өзінің денсаулығында проблема болған. 19 жастан жаман әдетке әуестенген. Күніне 25-30 темекі шеккен", — деді №1 перинатальдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астананың № 1 перинаталды орталығында жаңа босанған екі ана көз жұмғаны белгілі болды. Оқиғаның бірі 21 маусымда, екіншісі 25 маусымда болған. Әйелдердің балалары тірі қалған.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
9
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel